Фразеология термині белгілі бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы деген мағынамен қатар, тіл білімінің фразеологизмдерді зерттейтін саласы деген ұғымда да қолданылады. І. Кеңесбаевтың авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» қазақ фразеологиясына ғана емес, қазақ тіл біліміне де қосылған елеулі үлес.
Абай (Ибраһим Құнанбаев) (1845- 1904) - ұлы ақын, философ. Қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазақ халқының рухани көсемі дәрежесіне көтерілген кемеңгер адам. Туып-өскен жері — Семейдегі Шыңғыстау өңірі. Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды. Философиялық пайым деңгейінің жоғарылығы - А. шығармашылығы даралықтарының бірі. А. ұлы ақын ретінде, философ ретінде әлемдік деңгейде мойындалып, танылған тұлға.
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Кезінде репрессияға ұшырап, мерт болған
боздақтар қайта тірілді, сөнген жанып, жоғалған табылды. Алыптар қайта оралды. Тұтас
буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық
бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, түрколог,
дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қалыптасқан дәстүрлі құжаттар бойынша
айтқанда, қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел
арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18
қаңтарда дүниеге келген.