Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Әдебиет өмір шындығының көркем бейнесі десек, әдебиет тарихы да халық тарихымен тығыз байланысты. Еліміздің рухани өмірінің жарқын көрінісі, елеулі бір саласы ретінде көркем сөз өнері ел тарихымен бірге қалыптасып дамыды. Адам санасы, ой-өрісі мыңдаған жылдар бойы жетілетін тарихи құбылыс екендігін ескерсек, әдебиет адамзат тарихындағы көркем ой жетістіктерінің бірі екендігі даусыз ақиқат.
Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі: публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стилі болып бөлінеді. Қолдану аясы – қоғамның әр түрлі саласында.
Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын болашақта терең де жан-жақты меңгеру мәселесi күннен-күнге талап күшейiп келедi. Әр бiр азаматтың таңдап алған қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын меңгеруде теориялы және практикалық бiлiмiн тереңдете түсу қажет. Қазақ фольклоры бүкiл әдебиет мәселесiн меңгеру үшiн негiзгi тiрек болып табылады.
Оқу-әдiстемелiк бағдарламаны амалға асыру үшiн мына мәселелерге назар аударылсын:
а)қазақ халық ауыз әдебиетiн меңгерiп, үйрену үшiн ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң нұсқаларымен оқып сюжетiн меңгеру;
ә)баспада жарияланған оқулық, хрестоматиялық, көмекшi-құралдарды оқып, үйрену;
б) Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, зерттеу әдiстерiн меңгеру талап етiледi.
Қазақ халық ауыз әдебиетіне кіріспе. Ежелгі дәуір қазақ фольклоры. Қазақ фольклористикасы мәселелері. Қазақ ауыз әдеб.жиналуы.Фольклор үлгілерінің баспада жариялануы.Тұрмыс-салт өлеңдерін жинаған ғалымдар және ғылыми еңбектері.Наурыз салт-дәстүрі ұлттың ұлы мерекесін екенін.Көңіл-күй шығармаларының жиналуы, зерттелуі.Мақал-мәтелдердің баспада жариялануы Қазақ жұмбақтары. Ертегілердің жианлуы мен зерртелуі Күлдіргі әңгімелер, жинағының баспадан шығаруы.Эпик туындылар.
Абай Құнанбаев (22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.07.1904)
КІРІСПЕ (22.08.1845 қазіргі Семей обл., Абай ауд. – 05.07.1904)
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай.
Шерхан Мұртаза – жазушы, аудармашы, қоғам қайраткері
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты.
Шәкәрім шығармалары туған халқына қайтып оралды, ақынның өмір бойы армандағаны да осы еді. Өзі айтқандай "Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда” өлең дастандары, қарасөздері баспа жүзіне түгел шығып, жылдар бойы аңсап күткен оқушысының қолына тиді.
Оятқан мені ерте — Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті кірі, — деп жырлайды ақын бір өлеңінде. Жалпы, қазақ ақынының өлең мәдениетіне жетік болуы Шығыс және орыстың классикалық поэзиясымен жете таныстығын аңғартса керек. Абай өнегесі арқылы жас кезінде-ақ Пушкин, Лермонтов лирикасын құлағына сіңіріп өскен жас талап бертін келе, сол алыптар ауылына өзі де барып, өнімді олжа тауып қайтады.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы, зерттелуі.
"Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Әркімнің пешенесіне жазылған мөлшерлі ғұмыры бар. Пенделік пайымдау бойынша бұл — әліптік ақиқат. Осы негізден шығарсақ, Қайым Мұхаметханұлының ғұмыры сексен сегіз жылды қамтыды.