Суббота, 20.04.2024, 17:37
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Қазақ тілі мен әдебиет

Олжас Сүлейменов
29.09.2011, 19:01
Олжас Сүлейменов
1936 жылы 18 мамырда Алматы қаласында туған. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. "Казахстанская правда" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды.
Туындыларын орыс тілінде жазады. Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы - "Арғымақ" (1961) шыққаннан кейінгі қырық жылдан бері "Адамға табын, Жер, енді" өлеңдері бүгінгі ТМД елдері халықтарының көптеген тілдеріне, шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. Кинодраматургия, әдеби зерттеу саласында да еңбек етіп жүр. Оның жалғыз сценарийі бойынша "Атамекен", "Көгілдір маршрут", "Қыс - қолайсыз маусым", т.б. фильмдер түсірілген. "Аз и Я", "Язык письма" атты тілге қатысты зерттеулері жарық көрді.
Ядролық сынаққа қарсы "Семей-Невада" қозғалысының, Халық Конгресі партиясының лидері. Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының (1967),
Қазақстан комсомолы, БЛКЖО сыйлығының (1966) лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы. Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі", Октябрь Революциясы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Категория: Қазақ тілі мен әдебиет | Добавил: sancho_matay | Теги: Олжас Сүлейменов
Просмотров: 1689 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz