Понедельник, 20.05.2024, 19:12
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 136
Показано материалов: 111-120
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 14 »

Тақырып: Омыртқалы жануарлардың дамуы 
Жоспар

1. Кіріспе.

2. Негізгі бөлім: 
а) дөңгелек ауыздылардың дамуы 
ә) шеміршекті, сүйекті балықтардың дамуы 
б) қосмекенділердің дамуы 
в) бауырымен жорғалаушылардың даму барысы 
г) құстар класының дамуы 
д) сүтқоректілердің дамуы

Биология | Просмотров: 8388 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (2)

Митохондрия

       Тірі клеткаларда энергияның бір түріне айналдыратын күрделі және ұтымды системалар болады. Энергиялардың айналысы негізінде екі структурада жүреді. Оның бірі жасыл өсімдіктерде болатын хлоропластар, екіншісі өсімдіктер клеткаларында және сол сияқты жануарлар клеткаларында болатын митохондриялар. 

Биология | Просмотров: 4233 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Қазіргі кездегі жағдайлардағы ЖОО негізгі міндеттері жан-жақты дамыған, өзінің білімін үздіксіз толықтырып және тереңдетуге қабілетті, сондай-ақ идеялық, теориялық және кәсіби деңгейін жоғарлататын, ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды жүруіне қатысатын мамандарды дайындау болып табылады. 
Биология | Просмотров: 6707 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (1)

ЦИТОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ ТАРИХЫ

Цитология – клетка туралы ғылым. Цитологияның пәні болып көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің клеткалары, сондай-ақ, құрамына бактериялар, қарапайымдылар және бір клеткалы балдырлар кіретін жалғыз клеткалы ағзалар  табылады. Цитология клеткалардың құрылысын, олардың химиялық құрамын, жасуша ішіндегі құрылымдардың атқаратын қызметін, жануарлар мен өсімдіктер ағзаларының жасушаларының қызметтерін зерттейді.

Цитология – биологиялық пәндердің арасында алдыңғы орынды алатын экспериментальды ғылымдардың бірі. Қазіргі кезде цитология тек қана клетканың құрылымын зерттеп қоймай, оның ішінде жүретін физикалық және химиялық үрдістерді де зерттейді. Цитология молекулярлы биологияның негізі бола отырып, оның цитохимия, цитогенетика, цитоэкология сияқты және тағы да басқа салаларының жетілуіне себеп болды.

Биология | Просмотров: 7696 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Тыныс алу жүйесі және оның маңызы

Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп, өзінен көмір қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Демек тыныс алудың мәні организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы  энергияны биологиялық құндытұрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл газды бөліп шығаруда.

Адам мен жоғары сатыда дамығын омыртқалыларда тыныс алу процесі бірнеше кезеңде атқарылады: 1) сыртқы орта мен өкпе альвеолалары арасындағы ауа алмасуы, немесе сыртқы тыныс; 2) өкпе альвеолалары мен кіші қан айналым шеңбері капиллярлары арасын-дағы газ алмасу, немесе өкпедегі газ алмасу; 3) газдардың қанмен тасымалдануы; 4) үлкен қан айналым шеңбері капиллярлары мен ұлпа және мүше торшалары арасындағы газ алмасу - ішкі тыныс; 5) торшалардың оттегін пайдаланып, көмір қышқыл газды бөлуі, немесе торшалар митохондрияларындағы биологиялық тотығу.

Биология | Просмотров: 6166 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Тыныс алудың түрлері

Тыныс алу жуйесі жануарлар дүниесінің даму жолында әр түрлі  өзгерістерден өтеді. Бұл  өзгерістер тіршілік ортасының жағдайларымен байланысты болады. Суда тіршілік ететін қарапайым организмдерде (бір торшалы және  төменгі сатыдағы көп торшалы арнаулы тыныс мүшелері болмайды. Суда еріген оттегіні олар денесін қаптаған қабықша арқылы сіңіреді. Тыныс алудың мұндай  түрі н диффузиялы тыныс алу деп атайды.

Биология | Просмотров: 3408 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Өкпенің желдетілуі

Өкпенің белгілі бір уақыт ішінде ауа алмастыру қабілетін өкпенің желдетілуі деп атайды. Өкпе желдетіліуін әлбетте 1 минут мерзімде өлшейді. Осыдан 1 минут ішінде өкпеден өткен ауа мөлшерінөкпе желдетілуінің минуттық көлемі дейді. Ең терең дем шығарғанның өзінде өкпе толық солмайды, ондағы барлық ауа сығылып шықпайды, өкпеде ауа қоры қалады, Қалыпты тыныс алу кезінде адам 500 мл (жылқы мен сиыр 5 л) ауа жүтады. Оның 30 пайызы тыныс жолдарында қалып, тек 70 пайызы, немесе 350 мл (жылқы мен сиырда 3,5 л) альвеолаға жетеді. Адам өкпесінің альвеоласында қалыпты тыныстау жағдайында 1 л қалдық ауа және 1,5 л қордағы ауа, барлығы 2,5 л ауа қалады (жылқы мен сиырда 20-22 л). Демек, әрбір дем алынғанда альвеола ауасының тек 1/7 бөлігі (2500:350 немесе 22:3,5) ғана алмасады - желдетіледі.

Биология | Просмотров: 1360 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Атмосфералық ауа мен организм арасындағы газ алмасу

Өкпе қуыс мүше. Ол белгілі мөлшерде ауа сиғыза алады. Мысалы, адам еркін дем алған кезде 500 мл ауа жұтып, дәл осы мөлшерде дем шығарады (жылқы - 5-6 л). Бұл  тыныстық ауа.

Адам терең дем алса тыныс ауасына қосымша 1,5л (жылқы 10-12л) ауа жұта алады. Ауаның бұл  мөлшерін қосымша (үстеме) ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарған соң адам тағыда 1,5л (жылқы 10-12 л) шамасында ауа бөле алады. Бұл  қордагы ауа. Осы аталған тыныстық, қосымша және қордағы ауаның қосындысын өкпенің тіршіліктік (әрекет) сиымдылығы - ӨТС) деп атайды. Адамда ол 3,5-4 л, ал жылқыда 26-30 л шамасында. Ең терең дем шығарылғаннан кейін де өкпедешамамен 1 л (жылқыда 10 л) ауа қалады. Ауаның бұл  бөлімін қалдық ауа дейді. Қордағы және қалдық ауа альвеолалық ауа түзеді. Өкпенің тіршіліктік сиымдылығы мен қалдық ауа қосындысынөкпенің жалпы сиымдылығы (ӨЖС) дейді. Демек, өкпе әрекеті тоқтағанының өзінде өкпеде қалдық ауа қалады, сондықтан бір рет тыныс алған өкпеде әр уақытта ауа болады. Қалдық ауа өкпені суға батыртпайды.

Биология | Просмотров: 2011 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Қан арқылы газдардың тасымалдануы

 

Тыныс алу процесіне катысатын екінші газ - көмірқышқыл газының тек қана 2,7 көлем пайызы еріген күйде, 4-5 көлем лайызы гемоглобинмен қосылыс түрінде (НвСО2) тасымалданады да, негізгібөлігі бикарбонаттарға айналады. Қанда еріген көмір қышқыл газы тыныс алу және қан айналымпроцестерін реттеуде, капиллярлардағы зат алмасу процестерінде зор рөл атқарады.

Биология | Просмотров: 1907 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Тыныс алу орталығы. Тыныс алудың реттелуі

 

Ал ұлпалар мен мүшелердің оттегіне сұранысынан және денеде жиналған көмір қышқыл газдың организмге әсерінен тыныс алуға мұқтаждық туындап отырады. Бұл  қүбылыстың мәнін үғыну үшін тыныс алу процесінің реттелу механизмін талдап өткен жөн

Биология | Просмотров: 6724 | Загрузок: 0 | Добавил: sancho_matay | Дата: 30.08.2011 | Комментарии (0)

Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz