Өкпенің желдетілуі - Биология - Каталог файлов - Персональный сайт
Суббота, 10.12.2016, 07:58
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 466
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Биология

Өкпенің желдетілуі
30.08.2011, 12:32
Өкпенің желдетілуі

Өкпенің белгілі бір уақыт ішінде ауа алмастыру қабілетін өкпенің желдетілуі деп атайды. Өкпе желдетіліуін әлбетте 1 минут мерзімде өлшейді. Осыдан 1 минут ішінде өкпеден өткен ауа мөлшерінөкпе желдетілуінің минуттық көлемі дейді. Ең терең дем шығарғанның өзінде өкпе толық солмайды, ондағы барлық ауа сығылып шықпайды, өкпеде ауа қоры қалады, Қалыпты тыныс алу кезінде адам 500 мл (жылқы мен сиыр 5 л) ауа жүтады. Оның 30 пайызы тыныс жолдарында қалып, тек 70 пайызы, немесе 350 мл (жылқы мен сиырда 3,5 л) альвеолаға жетеді. Адам өкпесінің альвеоласында қалыпты тыныстау жағдайында 1 л қалдық ауа және 1,5 л қордағы ауа, барлығы 2,5 л ауа қалады (жылқы мен сиырда 20-22 л). Демек, әрбір дем алынғанда альвеола ауасының тек 1/7 бөлігі (2500:350 немесе 22:3,5) ғана алмасады - желдетіледі.

Көкірек қуысы кеңейсе өкпе керіліп, оның көлемі үлкейеді, ал ол тарылса - өкпе сығылып, көлемі кішірейеді. Демек, өкпе көкірек қуысьша ілесіп, өз көлемін оның қимылдарына байланысты өзгертіпотырады. Өкпенің осылай көкірек қуысы қимылдарын қайталап отыруының екі түрлі  себебі бар. Біріншіден, өкпе көкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды, олардың арасында плевраныңастарлык, (париетталдық) және беткейлік (висцеральдық) жапырақшаларымен көмкерілген плевра аралық қуыс болады. Бұл  қуыс алғашқы дем алумен байланысты пайда болады. Құрсақтық даму кезеңінде өкпе іске қосылмайды. Ұрықтың (іштөлдің) тыныс алу процесі серік (плацента) арқылы жүреді. Көкірек қуысын өкпе мен жүрек толтырып жатады. Құрсақтық даму кезеңі аяқталып, нәресте (төл) туылғаннан соң алғашқы тыныс алынған кезде инспираторлардың жиырылуының салдарынан қабырғалар көтеріліп, олардың басы омыртқалардағы арнаулы ойыстарға бекиді. Осы кезден бастап көкірек қабырғасы мен көкірек қуысында орналасқан жүрек пен өкпе арасында аз ғана қуыс пайда болады. Осы қуыстағы қысым атмосфералық қысымнан с.б. 6-15 мм-ге кем, демек, қуыста теріс қысым қалыптасады. Сол себепті атмосфералық ауа өкпеге тек ішкі - альвеола — жағынан әсер етеді, сырт жағынан оған қарсы әсер болмайды да, өкпе көкірек қимылына ілесе керіледі. Егер плевра, аралық қуысқа инъекциялық ине қадаса, онда оған атмосфералық ауа сорылады да (пневмоторакс),қуыстағы қысым атмосфералық қысымға теңесіп, өкпе семіп қалады {ателектаз), өкпенің қызметі тоқтайды. Екіншіден, өкпедегі серпімді ұлпа элементтері және өкпе көпіршіктерінің беттік тартылысы оралымды күш тудырып, керілген өкпенің бастапқы қалпына оралуын қамтамасыз етеді.

Ауа қабылдап, керілген өкпе тартылып, солуға оңтайланып тұрады. Оның себебі өкпеде оралымдық элементтердің болуында. Өкпенің оралымдық элементтері қалыптастыратын күшті өкпеұлпасының оралымдық куші деп атайды. Оны екі фактор қамтамасыз етеді. Олар альвеолалар қабырғасының оралымдық талшықтары және альвеола кабырғасының беткейлік керіліс күші. Өкпе ұлпасының оралымдық күшінің 2/3-ін альвеолаларың беткейлік керіліс күші қалыптастырады. Әр түрлі  альвеоларда беткейлік керіліс күші әр деңгейде болады, сондықтан дем шығарылған кезде кейбір альвеолалар керілген күйде қалады да, біраз альвеолалар солып, қабысып қалу қаупі орын алады. Бірақ қалыпты жағдайда олай болмайды. Оның себебі альвеоланың ішкі беткейі суда ерімейтін сурфактант деген заттың мономолекулалық қабыршығымен (пленка) сыланған. Сурфактанттың беттік керілісі аз болады да, альвеоланың толық семуіне мүмкіндік бермейді, сондықтан альвеолалар қабыспайды. Табиғаты жағынан сурфактант — альфа-лецитин, — ол альвеола эпителийі торшасының митохондриясында түзіледі.

Өкпе желдетілуінің минуттық көлемі өзгермелі шама. Ол тыныс жиілігі мен терендігіне, өкпенің сиымдылығына, сыртқы орта температурасына т.б. байланысты өзгеріп отырады.

Категория: Биология | Добавил: sancho_matay | Теги: өкпе, Өкпенің желдетілуі
Просмотров: 814 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2016
Конструктор сайтов - uCoz