Пятница, 26.04.2024, 03:07
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Экономика

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрлымы
18.10.2011, 20:31

Қаржы механизмінің мазмұны мен құрлымы

 

Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар — қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері - экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалынған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қол данылатын механизм — бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастарыкөрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.

"Механизм" термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс-қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндет терімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын  объектіге ықпалының мазмүнымен байланысты.

Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен өте байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динами касын) анықтаушы неғүрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс-әрекет етеді.

Қаржы механизмі — экономикалық және әлеуметтік даму үшін қолайлы жағдайлар жасау максатында қоғам қолданатын қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, пайдалану әдістерінің жиынтығы. Ол қаржы қаты настарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін, оларды сан жағынан анықтаудың амалдарын қамтиды.

Қоғамдық шаруашылықтың жеке белімдерінің ерекшеліктеріне қарай және қаржы қатынастарының сфералары мен буындары бөлінуінің негізінде қаржы механизмі шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржы механизмі, сондай-ақ мемлекет қаржысының механизмі болып бөлінеді. Өз кезегінде, бұл сфералардың әрқайсысы жеке құрылымдық буындарды қамтиды. Мысалы, мемлекет каржысының механизмі бюджеттік механизм мен бюджеттен тыс ресурстар механизмі болып бөлінеді. Аумақтық бөлініске сөйкес республиканың, биліктің жергілікті оргаңдарының қаржы механизмі деп бөлуге болады.

Жалпы шаруашылық механизмі секілді қаржы механизмінің де өзіне тән ішкі құрылымы баржәне ол айтарлықтай күрделі. Оған қаржы қатынастарының әр алуандылығына сәйкес келетін түрліэлементтер кіреді. Қаржы механизмі экономикалық жүйе шеңберінде қаржы қатынастарының ұйымдық нысандарының жиынтығын, орталықтандырылған және орталыктандырылмаған ақша қорларын, қаржыны жоспарлаудың (болжаудың) әдістерін, қаржыны және қаржы жүйесін баскарудың нысандарын, қаржы заңын қамтиды. Қаржылық өзара байланыстардың тап осындай көптігі оларды (элементтерді) ұйымдастырудың көптеген түрлерін, нысандарын және әдістерін қолдануды алдын ала анықтайды.

 

 

 

 

2. Қаржылық жоспарлау

 

Қаржылық жоспарлаудың объектісіне әртүрлі қорлар мен жинақтарды құру және пайдалану процессі жатады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында олардың ерешеліктері мен қозғалу қажеттілігі анықталады. Мемлекеттік деңгейдегі қаржылық жоспарлау индикативтік жоспарлаудың көмегімен жүзеге асырылады. Индикативтік жоспарлау әртүрлі әлеуметтік (ең төменгі жалақы мөлшері, ең төменгі тұтыну карзинасы, жұмыссыздық деңгей т.б.), макроэкономикалық ( бюджеттің табыстары мен шығындары, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы, жалпы ішкі өнімнің көлемі, ұлттық табыс, инфляция деңгейі, қайта қаржыландыру ставкасы т.б.), микроэкономикалық (кәсіпорынның пайдасы, өнімнің өзіңдік құны, банкроттық көрсеткіштері, табыстылық деңгейі т.б.) және басқа индикаторларға негізделген. Индикативтік жоспарлау арқылы бір индикаторлардың өзгеруінің ықпалымен басқа индикаторлардың өзгеруі қадағаланады, мемлекеттің жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейі бағаланады. Жоғарыда аталған индикаторлар өзара тәуелді және өзара байналысты. Қаржылық жоспарлаудың қағидаларына: объективті қажеттілык қағидасы, тиімділік қағидасы, мақсаттың кешенділігі мен біртұрастығының қағидасы, ғылымилық қағидасы. Қаржылық жоспарлаудың әдістеріне:

1. Коэффициенттік әдіс-өткен жылдардың жетістіктерінің негізінде қаржылық жоспарлау;

2. Нормативтік әдіс- қаржылық есептеулер ғылыми негізделген нормалар мен нормативтердің негізінде жасалады;

3. Экономикалық талдау әдісі- қаржылық жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады және өткен мерзімдегі қаржы ресурстарының қозғалысына экономикалық талдау жүргізуге негізделген;

4. Сараптамалық бағалау, бағдарламалық-мақсаттық, экономикалық-математикалық модельдеу әдістері қаржы ресурстарының қозғалысы барысында жоспарланған жобаларды әртүрлі нұсқалар мен жағдайлар тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы жоспардың неғұрлым оңтайлы нұсқасын таңдап алуға болады және алға қойылған мақсатқа толық жетуге мүмкіндік береді;

5. Баланстық әдіс шығындардың мөлшері мен олардың орынын толтыру көздерін өзара сәйкестендіру үшін, құндық және натуралдық көрсеткіштерді бір-біріне келтіруге қолданылады; жатады.

Қаржылық жоспар жүйесіне дербес және жиынтық жоспарлар кіреді. Дербес (бастапқы) жоспарлар кәсіпорын, ұйым, мекемелер деңгейінде қалыптасады. Ал, жиынтық жоспарлар жалпы мемлекеттік, салалық және аймақтық деңгейлерде жасалады. Жалпы мемлекеттік жиынтық қаржы жоспарларға мемлекеттің жиынтық қаржы жоспары, жиынтық бюджеттер (республикалық, жергілікті, арнаулы экономикалық аймақтар бюджеті, бюджеттен тыс қорлар бюджеттері), мемлекеттік бюджет, мемлекеттің төлем балансы жатады. Қаржылық көрсеткіштерсубъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің әртүрлі жақтарын көрсететін есептеу және есеп беру көрсеткіштерінің жүйесі. Қаржылық көрсеткіштерге:

1. Кәсіпорын, ұйым, мекемелердің қаржылық көрсеткіштері (пайда, өнімнің өзндік құны, рентабельділік, акционерлік капитал мөлшері, дивидендтер және т.с.с.);

2. Жалпы экономикалық қаржы көрсеткіштері (өндірілген өнімнің шығындарының мөлшері, өзіндік құнның төмендеуі, резервтерді анықтаут.с.с.);

3. Жиынтық қаржы көрсеткіштері (мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарының көлемі, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, бюджет тапшылығының жалпы ішкі өнімге, ұлттық табысқа шаққандығы пайыздық мөлшері және т.с.с); жатады.

 

 

 

 

3.  Қаржы қүқықтық қатынастары және қаржы-құқықтық нормалар

 

Қаржы қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу қаржылық – құқықтық нормалар мен қаржылық-құқықтық актілер заң түрінде (Қазақстан Республикасының заңы, Президенттің  жарлығы) немесе заңға бағынышты актілер түрінде (Мәжіліс шешімдері, Үкімет нұсқаулары, Парламент қаулылары және т.с.с.) қабылдануы мүмкін.

Қаржылық-құқықтық нормалар міндеттейтін, өкілеттік беретін, тиым салатын болып келеді.

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бүл орайдақаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржы құқығы — бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржықатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойыша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына жекеленіпайырылады; қаржының кең үсыныс түрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын,мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.

Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар — құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың катаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құкықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының кұқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құкықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.

Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқылық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жанғырады. Олардың қатысушылары субъективті заң құқықтар мен міндеттіліктер арқылы өзара байланыста балады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен корғалады. Нормативтік-құқықтық, қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара бай­ланысты заңді құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойын­ша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржы құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының — кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.

Нұсқамалардың мүндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына гана емес, соңдай-ақ олардың қар­жы қатынастарының баска қатысушыларының қүкықтарымен бай­ланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқтыміндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субьективті іс-әреттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен обьективті қаржы кұкыктық қатынастары шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен келісімдер оның тұткалары ретінде көрінеді.

Категория: Экономика | Добавил: sancho_matay | Теги: Қаржы механизмінің мазмұны мен құрл
Просмотров: 3710 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz