Суббота, 27.04.2024, 04:55
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Биология

Екі жылдық және көп жылдық өсімдіктер.
[ Скачать с сервера (16.4 Kb) ] 01.07.2011, 09:25


 Петрушка.

Петрушка ежелден өсіріліп келе жатқан өсімдік. Оның құндылығы тағамды қабылдауды жақсартатын жағымды дәмдік қасиеттерімен есептеледі. Петрушка тамыры, әсіресе жапырақтарыжәне С витаминдеріне өте бай . Петрушка көптеген тағамдар мен сорпаларға тұздық ретінде, консерві өнеркәсібіндежәне көптеген жеміс-жидектерді кептіруге кеңінен қолданылады. Тамыры да, жапырақтары да қолданылады.

Петрушка – Petroselium horfense Hofft тұқымдастығына  жатады. Екі түрі бар: тамырлы -  subsp. microcarpum Hark –жемісі домалақ, ұсақ, тамыры етті; жапырақтық – subsp. maerocarpum Hark – жемісі ірі, овал тәрізді, тамыры бұтақталған.

Петрушканың тамырлық және жапырақтық түрлері екі жылдық өсімдік. Тамырлы петрушканың розеткасында 15-40 жапыраққа дейін. Жапырақтары жылтыр, жасыл үш бөлікке бөлінген. Жапырақты петрушканың розеткасында 10-100 жапыраққа дейін болады. Олар қатты үш бөліке бөлінген, жиегі тісшелі немесе гофрирленген болып келеді. Тамырлы петрушканың тамырлы жемісі конус тәрізді болып келеді. Ол топырақ түрі мен структурасына байланысты айқын өзгеріп отырады. Тамырлы жемісінің түсі сарғыш, балдырлы, ақшыл, жағымды иісімен.

Өмірінің екінші жолында биіктігі 1м-ге жететін гүлденген өсінділері пайда болады.Гүлдері ұсақ сары түстес. Гүлінің құрылымы тура сәбіздікіндей.

Тұқымы ұсақ, сұрғылт-жасыл түстес, пішіні овал тәрізді немесе домалақ, өзіне сайспецификалық иісімен.

Петрушка – суыққа төзімді өсімдік. Өсінділері 7С аязға шыдамды. Тамыры топырақ астында қыстап шығуы мүмкін. Петрушканы сәбіз секілді қыс алдында егуге болады.

Ылғалдылықтың жетіспеушілігі немесе көп болуы өсімдіктің өсіп – дамуына кері әсерін тигізеді. Тұқымның өніп шығуы үшін көп су қажет. Қажетті мөлшердегі ылғалдылық, жақсы жарықталған жер петрушкаға қолайлы жағдай туғызады.

Петрушка айқаса тозаңданатын өсімдік. Гүлдену тұқымды отырғызғаннан кейін 65-70 күннен кейін басталады. Петрушканың екі түрі де еркін қайта тозаңданады.

 

 

 

Сельдерей.

Жабайы күнінде сельдерей Жерорта теңізі маңында өседі. Дақылды сельдерейді көбінесе консерві өнеркәсібі дамыған аймақтарда өндіріледі. Сельдерей ақуызға, эфир майына, С,А,РР, В1, В2 витаминдеріне өте бай. Аспаздықта, консерві өнеркәсібінде кеңінен қолданады.

Сельдерей – Apium graveolens L. тұқымдастығына жатады. Дақылды сельдерей 3 топқа бөлінеді: Var. Dulee D.C. – тамырлы жеміс түзбейтін, салатқа қосатын түрі; Var. Rapaceum D. C. тамырлы сельдерей, жақсы дамыған  тамыр жемісі түзеді; Van. Secalium Alef – жапырақты сельдерей жақсы жапырақ розеткасын түзеді, тамырлы жемісі болмайды.

Барлық түрлерінде топырақтары төмен түспеген, жылтыр, көлемі ұсақтан іріге дейін.

Тамырлы сельдерейдің тамырлы жемісі жалпақ, дөңгелек немесе кқптеген бүйірлік тамырлары барболып келеді. Тамырлы жемісінің түсі сұрғылт- ақтан, сұрғылтқа дейін кейде қызыл түстес талшықтарымен, Балдыры борпылдақ.

Брюква.

Тағамдық сорттарының тамырлы жемісінің пішіні бойынша жалпақ, дөңгеленген жалпақ болуы мүмкін. Балдыры мен қабығының түсі сары. Қабығының түсі балдырдың түсіне тікелей байланысты. Кейде басының жасыл түске боялуы байқалады.Брюкваның көптеген сорттарының қабығы торлы болып келеді.

Өмірінің екінші жылы гүлденген өсінділер пайда болады. Тұқымды бұтаның ұзындығы80-нен 170см-ге дейін , бұтақты, сабақтары әлсіз болып келеді.Гүлдері қызғылт-сары немесе лимон түстес болады. Брюква- суыққа, төзімді өсімдік. Өсінділері 2-3С аязға шыдайды, есейген өсімдіктер күзгі таңертеңгі 5С аязға төзімді болып келеді. Тамырлы жемістерді өсіруде оптимальды температура 15-18С құрайды. Одан жоғыры температурада егілім өнімі анағұрлым төмендеп нашарлап кетеді.

Брюква өсімдігінің бірінші және екінші жылында, яғни вегетация үрдісініің барлық кезеңінде топырақ пен ауаның ылғалдылығын қажет етеді.

Брюква айқаса тозаңданатын өсімдік. Тозаңдану ара, шыбын, қоңыз секілді жәндіктердің көмегімен жүзеге асады. Гүлдену ұрықты топыраққа еккеннен кейін 38-40 күндері жүзеге асады. Ең алғашқы болып орталық осьтегі, гүлдері гүлдейді, кейіннен жоғарыдан төменгі бағытқа қарай түсіп гүлденеді. Гүлдеу мен тұқымның пайда болуы ұзаққа созылған. Гүлденудің бастапқы кезеңінін тұқым пайда болғанға дейінгі аралық 60-70күнді құрайы. Ыстық кезде тұқымның түйілуі нашарлайды.

Кәдімгі жағдайда брюква редис, орамжапырақ, шалқанмен айқастырылмайды. Рапс, суперка ғана айқастырылуы мүмкін. Рапспен өңделген гибрид шаруашылықта көп сұранысқа ие емес.

 

Категория: Биология | Добавил: sancho_matay | Теги: биология реферат, орамжапырақ туралы, екіжылдық өсімдіктер, Матай станциясы
Просмотров: 6539 | Загрузок: 200 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz