Пятница, 29.03.2024, 18:50
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Химия

Электролиз
[ · Скачать удаленно (70KB) ] 31.05.2011, 06:39
Электролиттік процестерді түсіну үшін, ең алдымен теориялық бөліммен танысу керек. Келесі кезеңде әртүрлі факторлардың электролиттің нәтижелі өнімдерінне әсері қарастырылады (санды және сапалы құрамы).

Шығынды электролиттің сапалы құрамының электролиз өнім құрамына экспериментальдік жолмен анықталу тәсілдеріне тоқталайық.

Сондай-ақ электролиздің түрлі салаларда, оның ішінде өндірісте қолданылуын қарастырамыз.

Қысқаша анықтама және ашылу тарихы.

Электрохимия ғылым ретінде ХVIII және XIX ғасырларда шет елдерде қалыптасты. Тек сол кезде шешімі электрохимия теориясын жаңа дәрежеге көтерген болатын проблемалар туындады. 1799ж итальян физигі А.Вольттің «вольттік бағанасының»- адамзат тарихындағы бірінші тоқ көзінің пайда болуы және итальян физиологы Л.Гальванидің тәжірибелері электрохимияның ғылым ретінде дамуына бастапқы түрткі болды.

Электрохимия жаңа дамып жатқан ғылым. Тек екі ғасыр бұрын электр тогының тұздардың сулы ерітінділері арқылы өткен кезде жаңа заттар пайда болатын химиялық алмасулар жүретіні анықталды.

Тек өткен ғасырдың басында ғана заттардың ерітінділері мен балқымаларында болатын электрохимиялық процестерді зерттеудің ғылымдық бағыты- электрохимия пайда болды.

Электролиздің өндірістік қолданылуы ХІХ ғасырдың 70 жылдарында тұрақта электр токты қуатты генераторлардың пайда болуынан кейін ғана мүмкін болды.

Электрохимияны 70-ші жылдардың соңында ғана екі бөлімге бөле бастады: ионика және электродика. Ионика- электр өрісінің әсерінен зарядталған бөлшектердің жүрісін және электрөткізгіштік құбылысын зерттейтін бөлім, ал электродика электрод ерітінді (балқыма) шегі арқылы өтетін электр тогының электродтар бетінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

Категория: Химия | Добавил: sancho_matay | Теги: электролиз, Химия, реферат электролиз
Просмотров: 1303 | Загрузок: 349 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz