Четверг, 28.03.2024, 19:32
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Физика

Роберт Гук
14.10.2011, 17:56

Гук Роберт 1635 - 1703    



Гук Роберт - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы, ағылшын Уайт аралында Фремуотер деген жерде жергiлiктi шiркеудiң аға попы жанұясында дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. Университеттегi мұғалiмдердiң бiрi Р.Бойльге эксперименталды зерттеулерiне ассистент (көмекшi) ретiнде Г. Роберттi ұсынады. Бойль мен Гук ынтымақтастығы нәтижелi болды.

1662 ж. Бойльдың көмегiмен Гук Лондонның Корольдiк қоғамына көрсетушi қызметiне орналасады. Бiрақта Гуктың басты мақсаты ғылыми зерттеулер едi. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кеиiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi.

Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кетедi, бұл ойлары үшiн ол жарықтың толқындық теориясын қалаған ғалымның бiрi болып саналады.

1666 жылдан бастап көп жылдар бойы Лондонның Корольдік қоғамына, әртүрлi жаратылыстану мәселелерiне арналған лекцияларын оқиды. Бұл лекцияларда Гук өзiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн және басқа ғалымдардың еңбектерiне анализдерiн баяндайды. Лекцияларының бiрi серпiмдiлiк мәселерiне арналды. Серпiмдiлiктiң түсiнiктемесiнiң кең түрде түсiнiк беруi (Гук терминi боиынша «қайтарушы күш») оны жалпы заңды орнатуға алып келдi, бұл заң Гук атымен аталады. Гуктың теориялық қорытындысы эксперименттермен дәлелденiлiп келетiндiктен оның серпiмдiлiк заңы еш қашан күдiк тудырмады.

Әйтсе де Гуктың жанжақты ғылыми қызығушылығының терiс нәтижелерi де болды. Ол өзiнiң зерттеулерiн жиi аяғына дейiн жеткiзбейтiн, мысалға, Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңына негiз салған болатын, Гук 1674 ж. Ньютонның көз қарасына сәйкес көз қарастары жарияланған.

Бiрақта ғылымға деген шынайы берiлгендігi арқасында, өзiнiң қиын мiнезiне қарамастан Гукты Англияда ғана емес, Европада да құрметтейтiн.






Ағылшын физигi Гук 1635 ж. Уайтта дүниеге келген. Оксфорд университетiнде оқып, Р.Бойльдiң ассистентi болады. 1665 ж. бастап Лондон университетiнiң профессоры болып қызмет етедi.

Гук жұмыстары жылулық, серпiмдiлiк, оптика, аспан механикасы салаларына байланысты болады. 1660 ж. Р.Бойльмен бiрге Герикенiң ауа насосын құрастырды, 1665 ж. Х.Гюйгенспен бiрге термометрдiң тұрақты нүктелерi – мұздың еру нүктесi және судың қайнау нүктесiн орнатты. 1660 ж. қатты денелер үшiн серпiмдiлiк заңын ашты (Гук заңы).

1665 ж. жарық шоғырларындағы жұқа қабаттарды бақылайтын және өсiмдiктердiң құрылымын зерттейтiн микроскопты құрастырды.

1680 ж. тартылу күшiнiң ара қашықтық квадратына керi пропорционал екендiгi туралы қорытындыға келдi.

Гук көптеен ашылымдардың авторы, атап айтқанда, барометр, максималды термометр және т.б.

Категория: Физика | Добавил: sancho_matay | Теги: Жасуша теориясы, Роберт Гуктың өмірбаяны, Роберт Гук туралы, Роберт Гук
Просмотров: 3649 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.5/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz