Вторник, 16.04.2024, 13:33
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Физика

Гейгер Ханс Вильгельм 1882 - 1945
14.10.2011, 18:00

Немiс физигi Х.В.Гейгер 1882 ж. Нейшттадте туылған. 1906 ж. Эрланген университетiн бiтiредi. 1906-1912 ж.ж. Манчестер университетiнде, 1912-1914 ж.ж. және 1918-1924 ж.ж. Берлиндегi физико-техникалық институтта жұмыс iстейдi. 1925-1929 ж.ж. Киль университетiнiң физика институтының директоры болады, 1929-1936 ж.ж. Тюбинген, 1936 ж. бастап Берлин техникалық университетiнiң профессоры болады.

Гейгердiң жұмыстары атомдық және ядролық физикаға, ғарыштық сәулелер физикасына байланысты болды.

1908 ж. электронның зарядын өлшеп, Э.Резерфордпен бiрге жеке зарядталған бөлшектердi тiркеу үшiн құралғы құрастырды, кейiн ол құрылғыны В.Мюллермен бiрге жаңадан өзгерттi (Гейгер- Мюллер санағышы).

1909-1910 ж.ж. Э.Марсденмен бiрге жұқа метал пленкаларындағы альфа-бөлшектердiң таралуын зерттеу үшiн тәжiрибелер жүргiзедi. Бұл тәжiрибелер Э.Резерфордқа атом ядросын ашқанда орасан зор роль атқарды.

Дж.Нэттоломен 1911 ж. радиоактивтi ыдырау тұрақтысын альфа-бөлшектiң энергиясымен байланыстыратын эмпирикалық формуланы қорытып шығарды (Гейгер- Нэттол заңы).

Категория: Физика | Добавил: sancho_matay | Теги: Гейгер Ханс Вильгельм
Просмотров: 1363 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz