Суббота, 20.04.2024, 01:19
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Экономика

Қаржы ресурстары және оларды құрау көздері
18.10.2011, 20:33

Қаржы ресурстары және оларды құрау көздері

 

Қаржы ресурстары- жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты үлестіру және қайта үлестіру барысында қалыптасатын және пайдаланатын ақша қорлары  мен ақша қаражаттары. Қаржы ресурстары мемлекет денгейінде қалыптасатын орталықтандырылған ресурстары және кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қарамағындағы орталықтандырылмаған ресурстардан тұрады. Қаржы ресурстарының көздеріне:

1.  Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;

2.  Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;

3.  Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;

4.  Қарыз қаражаттары жатады.

Қаржы ресурстары — бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысандағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалатын мемлекеттің,шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ре­сурстарының өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық, аударымдар жатады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары(қорланым, босалқы қор) — қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша каражаттарының көздерін, шаруашышық орган ның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, каржы ресурста­ры — бұлқорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы "байланысқан" қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды — бұлар шаруашылық органдардың олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісім шарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзға ны үшін алатын айып пулдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

Категория: Экономика | Добавил: sancho_matay | Теги: Қаржы ресурстары және оларды құрау
Просмотров: 3413 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz