Среда, 24.04.2024, 12:48
Приветствую Вас Гость | RSS

Рефераты на казахском

Меню сайта
Наш опрос
Бұл сайт сізге ұнады ма?
Всего ответов: 490
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог файлов

Главная » Файлы » Жалпы Тарих

Балқан түбегіндегі буржуазиялық ұлттық мемлекеттердің дамуы
14.10.2011, 18:22

БАЛҚАН ТҮБЕГІНДЕГІ БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ДАМУЫ

 

1.  Балкднда саяси дағдарыстың пісіп-жетілуі

2.  Балқан халықтарының үлт-азаттық қозғалысы

3.  Ұлы державалардың Балқан түбегіндегі елдерге қатысты саясаты

4.  Орыс-түрік соғысы және оның салдары

 

XIX ғасырдын 70-жылдарының басында Балқан жарты аралының көп бөлігі түріктердін билігінде болды. Олар Болгария, Македония, Босния, Герцоговина, Албания тағы баска жерлер. Тек Греция ресми түрде тәуелсіз деп есептелінді. Сербия, Румьшия Түрік сүлтанатына алым төлеп түрды. Черногория тәуелсіздігін алды. Бірақ әлі заңдастыру жағынан бекітілмеген. Мүның бәрі түрік қоластындағы Балкан халықтары алдына міндет қойды. Ол міндет дербес болу. Осығанбайланысты Осман империясының европалық бөліктеріне қатысты проблема халыкаралык жағдайдағы шешуін күтіп түрған маңызды мәселе болды. 1870 жылы Осман империясы Европаның тарапынан жартылай отар елге айнала бастаған болатын. Қырвім соғысы болды. Онда да Осман империясынын позициясы әлсіретілді. Елде капиталистік қатынастардың ене бастауы шайқалып отырған феодалдық катынаспен бірге жүрді. Бүл жағдай отарлыққа қарсы, төуелсіздік үмтылыстарды күшейтті. Осман империясы бүл жағдайды реттегісі келді. Бірақ одан нәтиже шыққан жок. Азаттық қозғалыс күшейді. Дербес мемлекеттер қүру жолындағы күрес күшейді. Оларды үстап отыру Осман империясы үшін зор шығынды кажет етті. Экономикалық-саяси дамуын тежеп отырды.

1870 жылдан бастап Балкдн түбегіндегі елдерде үлт-азаттық козғалыс антифеодалдық сипат ала бастады. Бүл жылдары Болгарияда революциялық демократиялық ағым калыптаса бастады. Үлт-азаттвіқ қозғалыстың екі ағымы қалыптасты: либералдвтқ, революциялық-демократиялық. Балқанның алдынғы қатарлы азаматтары — Василь Левский, Любен Каравелов, Христо Ботевтер 1870 жылдан бастап елде революциялық-демократиялық ағымдві қалыптастырды. 1872 жылы Бухаресте революциялықкомитеттердің сьезі шақырылып бағдарлама қабылдадвг: болгар халқы тек түрік феодалдарына ғана қарсы емес, Болгарияның жер иелеріне-чорбаджилерге де кдрсы болды; румын, серб, черногорлық гректер мен болгарлар одағын қүру керек деді. Бүл бағдарлама орындалмай қалды. Бұған себеп батыс державалары Осман империясына қарсы күресте Балқан түбегіндегі халықтарды қолдай отырып Балқан түбегін біріктірмей өздерінің ықпалын орнатқысвт келді. Сьездің шешіміне орай Болгарияның жер жерлерінде көтерілісші отрядтар қүрыла бастады. Солтүстік Болгарияда осындай ұйым қолға түсті. 1873 жылы ақпан айында Левский қолға түсіп өлтірілді. Осы сәтсіздіктен кейін Каравелов бағдарламаның жүзеге асатынына кудіктене бастады. Кейін ол ағартушылық жүмысы арқылы тәуелсіздікке жетуге болады деді. Каравеловтың бүл тактикасы реформистік тактика болды. Оған Христо Ботев қарсы шықты. Ол Чернышевский, Добролюбовтың тәрбиесін алған еді. Ол халықты ұлт-азаттық қозғалысқа шақырды.Партизандык күрестін жетекшісі болды. 1875-1876 жылдары Болгарияның көп жерлерінде халықтықкөтерілістер шыға бастады. 1876 жылы Болгарияның Тырнова, Славен тағы басқа округтерінде көтерілістер болды. Бірак түрік империясы бүл көтерілісті басып тастады. Себебі бұл көтерілістердің бір-бірімен байланысы болмады. 1876 жылы 18-мамыр күні Христо Ботев шайқас кезінде өлді.

1876 жылы сәуір көтерілістері Болгарияның кдйта тууы жолындағы күрес. 1875-1876жылдардағы көтерілістер Боснияда, Герцоговинада болды. Ол көтерілістердің шығуына "ашар" салығының ұлғайтылуы себеп болды. Бұл салықгы жылына екі рет жинай бастады.

Балкан халықтарының күресі тек өздерінің күш салуынан ғана тәуелді болып қойған жоқ, оныңнәтижелері халықаралық саясатқа да тәуелді болды. Әсіресе Англия, Австро-Венгрия, Ресей тарапынан "Шығыс мәселесі" төңірегіндегі дау күшті болды.

Ағылшын дипломатиясы бул мәселеде сөз жүзінде Осман империясының бүтіндігін қолдады, шындығында Осман империясын сактап калып ол арқылы Таяу Шығыста өзінің ыкдалын орнаткысы келді. Австрияның Германияға геғемонды жасау ойы жүзеге аспай қалды. Енді Австро-Венгрия Босния мен Герцоговинаны алғысы келді. Германия үкіметі Австро-Венгриянын бүлсаясатын қолдады. Германия Ресейді Түркияға айдап садды. Германия біреудің колымен Түркияны әлсіреткісі келді.Балқан түбегіндегі халықтар негізі славяндар, сондыктанАнглия,Австро-Венгрия, Германия, Ресейдің Балқан түбегіндегі ықпалын қолдамады. Ал патша үкіметі Балқан түбегіне ьтқпалын орнату саясатынан бас тартқан жоқ. Ресей Қара теңіздін оңтүстік жағалауына ықпал жасағысы келіп отырды. Себебі тауарларын Таяу Шығыска шығаруды ойлады. Бүл үшін патша үкіметі Балкан түбегіндегі үлт~азаттық козғалысты пайдаланғысы келді. Патша үкіметінін бұл саясаты славян халықтарынын тәуелсіздігін алуына азды-көпті көмектесті. Орыс-түрік соғысын жариялаудағы патша үкіметінің максаты Константинопольды, бүғаздарды басып алу еді. Бүл жағдай Англияны ойландырды. 1877-1878 жылдары болған орьгс-түрік соғысы славян халықтарының Түркияға күресінде азат болуына жағдай жасағаны рас. Орыс-түрік соғысы кезінде болгаржасақшылары бірге күресті. Орыс эскері Константинопольға қауіп төндіргенде ағылшын флотыДарданеллы бүғазынан өтіл принцтер аралына келіп түрды. Оңдағы мақсаты Ресейдің Түркиядағы ыкдалын күшейтпеу. Орыс әскері Сан-Стефано түбінде тоқгады. Соғыс тоқгады. Сан-Стефано бітіміне қол қойылды. Бүл бітім 1878 жылы 3-наурыз күні болды. Бітім бойынша Ресейге Бессарабияның оңтүстігі, Карс, Ардаган, Баязет, Батум берілді. Біртүтас дербес Болгар мемлекеті қүрылды. Кдра теңізден Сербияға дейін, Дунайдан Эгей теңізіне дейінгі аралықтың шекарасы белгіленді. Черногория, Сербия, Румынияға тәуелсіздік берілді. Бірак Болгарияға берілген бұл шекараны Англия мойындамады.

Англияның жүргізген дипломатиясының нәтижесінде 1878 жылы бүл бітім Берлин конгресінде қайта қаралдві. 1878 жылы 13-маусым Сан-Стефано бітімі бір ай бойы кдйта қаралды. Карс, Ардаган, Батум Ресейде қалды, Оңтүстік - Бессарабияда қалды. Румынияға тәуелсіздік берілді. Болгария княздігіне Балқан қыраттарынан Дунайға дейінгі жер қалды. Босния, Герцоговина - Австро-Венгрияға мерзімсіз оккупацияға берілді. Македония Түркияда қалды. Ресейдің позициясы әлсіретілді. Болгария дербестік алды. Кейін өзін басқару үшін губернияларға, санжактарға бөлінді. Губернатор болыл орыс офицерлері тағайындалды. Уездегі баскару орындарына болгаразаматтары сайланды. Түрғындар телейтін бедел (адам басына салынатын салық) салығы жойылды. Болгар әкімшілігіне үлттық қорғаныс жөнінде ойлану керек болды. Екі жылдық әскери міндеткерлік енгізілді. Әскери училище ашылды. Болгарияның конституциясы қабылданды. 1879 жылы 16-сәуірде болгар конституциясы қабылданды. Бұл прогрессивті конституция болды. Ерлер сайлау құқығын алды. Болгария дербес мемлекет болғаннан кейін экономикалык дамуында капитализмтездеп дами бастады. 1880-85 жылдары феодаддық жер иелену түпкілікті жойылды. Жерді акднасы бар адаі\ідар сатып ала бастады. Осылайша жер феодалдық меншіктен капиталистік меншікке өте бастады.

Сербияның 1870 жылдары алдында тұрған міндеті — Түркиянын иелігіндегі жерлерін қайтарып алып, біртұтас мемлекет қүру болды. Сербияның жерлерін Түркия иемденген еді, сол үшін Сербия Түркияға карсы соғысқа шыққан еді. 1877 жыддың желтоқсан айында Түркияға қарай Ресей сәггі шабуыл жасағанда Сербия оған қосылды. Тәуелсіздік жолындағы күрес тоқтатылған жоқ.

Категория: Жалпы Тарих | Добавил: sancho_matay | Теги: Балқан түбегіндегі буржуазиялық ұлт
Просмотров: 2958 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск
Форма входа

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz